Menýu
1414 Çagyryş merkezi
Telefon belgisi +7 714 239 09 19(1012)

Курсанттармен кездесу

Курсанттармен кездесу

ІІМ Қостанай академиясының жалпы заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы, полиция подполковнигі Айжан Бузаканова 1-курс курсанттарына «Қазақстан Республикасының отбасылық құқығы» пәні аясында Қостанай облысы әкімдігі Білім басқармасының Балаларды әлеуметтік қорғау бөлімінің басшысы Сания Булатовна Алхамбаевамен кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында Сания Алхамбаева балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін әлеуметтік қорғаудың өзекті мәселелеріне тоқталып, осы саладағы мемлекеттік органдардың қызметі туралы баяндады. Сонымен қатар, қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларды қолдау тетіктеріне және олардың құқықтарының бұзылуының алдын алу шараларына ерекше назар аударылды. Осындай іс-шараларды ұйымдастыру білім беру ұйымдары мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, сондай-ақ болашақ мамандарды даярлау сапасын арттыруға ықпал етеді.

c324de454b7b740befe9c80bbd4ccef8dd0f7779.jpeg
6 apr 2026 17:00:00