Меню
1414 Маркази тамос
Комиссияи интихобӣ +7 705 242 37 27, +7 714 239 09 19
Телефони боварӣ +7 714 239 09 19(1012)

«Адал азамат – жарқын болашақ»

«Адал азамат – жарқын болашақ»

ІІМ Қостанай академиясында Экстремистік идеологияға қарсы іс-қимыл бойынша ҚАЖ мамандарын даярлау орталығының бастығы полиция подполковнигі Мырзабек Туйганов «Адал азамат – жарқын болашақ»  тақырыбында алғашқы кәсіби даярлық факультетінің тыңдаушыларына дәріс өткізді. Дәріс барысында қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде әрбір қызметкердің адалдығы мен жауапкершілігінің маңызы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар жастардың бойында патриотизмді қалыптастыру, ел болашағына деген жауапкершілікті арттыру мәселелері де қозғалды. «Жарқын болашақ» ұғымы – әр азаматтың адал еңбегі мен заңға құрмет көрсетуі арқылы жүзеге асатыны айтылды. Мұндай дәрістер болашақ құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттырумен қатар, олардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға зор ықпал етеді.

991ee043e0e9dcd817db119b6d892f419d20687b.jpeg90ed34a60d41471ba6aebf8d585d570b724dbdb3.jpeg
08 Апр 2026 20:00:00