Меню
1414 Маркази тамос
Комиссияи интихобӣ +7 705 242 37 27, +7 714 239 09 19
Телефони боварӣ +7 714 239 09 19(1012)

1 курс курсанттарымен кездесу

1 курс курсанттарымен кездесу

ІІМ Қостанай академиясының оқу залында Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында академияның ғылыми қауымдастығы өкілдері мен 1-курс курсанттары арасында «Ғылымға жол студенттік кезеңнен басталады» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге ҚАҚ кафедрасының бастығы, полиция подполковнигі Р.Аужанов, ЖЗП кафедрасының бастығы, полиция подполковнигі Л.Хон және магистратура тыңдаушысы М.Битенова қатысып, өздерінің ғылым жолы және құқық қорғау органдары қызметін жетілдірудегі ғылыми зерттеулердің маңыздылығы туралы баяндады.  Кездесу барысында академия ғалымдары әдебиетті жүйелі әрі үздіксіз оқу – ғылым биігіне жетудегі басты шарттардың бірі екенін атап өтті. Кеш бағдарламасы аясында академик Қ.Сәтбаев туралы фильм көрсетіліп, Ғарышкерлер күніне арналған викторина ұйымдастырылды.

25579ba5f4f87abfe3a0f0a995ecbf010a7829e1.jpeg1963c40ad247e046b1b803bceb4b9c612ee1b92c.jpeg
09 Апр 2026 20:00:00