«Ғылым – болашақтың іргетасы» үздік қабырға газеті
«Ғылым – болашақтың іргетасы» үздік қабырға газеті
Apr 10, 2026, 3:00:00 PM
Қазақстан Республикасының Ғылым қызметкерлері күнін мерекелеу аясында ІІМ Қостанай академиясында «Ғылым — болашақтың іргетасы» тақырыбында үздік қабырға газеті конкурсы ұйымдастырылды.
Іс-шара курсанттар арасында ғылыми-зерттеу қызметін насихаттауға және олардың зияткерлік-шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталды. Ғылыми үйірмелер ұсынған жұмыстар ғылымның мемлекеттілікті нығайтудағы маңызын терең түсінуді, сондай-ақ орындау сапасының жоғары деңгейін көрсетті.
Конкурс қорытындысы бойынша ғылыми үйірмелердің үздік жұмыстары анықталды, олар тиісті номинациялар бойынша грамоталармен марапатталады.