Ғылыми конференция
Ғылыми конференция

13-apr, 2026, 20:00:00
ІІМ Қостанай академиясында өткен «Ғылым аптасы» аясында қылмыстық құқық және криминология кафедрасы 2 және 3 курс курсанттары арасында «Қылмыстық заңнаманы жаңғыртудың негізгі сын-қатерлері мен перспективалары» тақырыбында ғылыми конференция ұйымдастырды. Іс-шара барысында қатысушылар қылмыстық құқықтың өзекті мәселелері бойынша баяндамалар жасап, заңнаманы жетілдіру жолдарын талқылады. Сонымен қатар, қазіргі заман талаптарына сай қылмыстық заңнаманы дамытудың негізгі бағыттары жөнінде пікір алмасты. Конференция қорытындысы бойынша курсанттар диплом, грамота және сертификаттармен марапатталды.
