Сертификаттар табысталды
Сертификаттар табысталды
14 Апр 2026 18:00:00
Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген қызметкерлер Қостанай академиясында біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Оқу маңызды бағыттарды қамтыды: кәмелетке толмаған сотталғандармен жұмыс және пенитенциарлық жүйенің өзекті мәселелері. Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полиция инспекторларына арналған «Кәмелетке толмаған сотталғандармен жұмыс істеу ерекшеліктері» тақырыбындағы курс сәтті аяқталды. Сонымен қатар, түзету мекемелерінің кезекші бөлімдерінің инспекторларына арналған «Пенитенциарлық жүйенің өзекті мәселелері» тақырыбындағы курста аяқталды. Курс соңында тыңдаушыларға сертификаттар табысталды.