V кафедралық курсанттық (студенттік) конференция
V кафедралық курсанттық (студенттік) конференция

16 apr 2026 18:00:00
ІІМ Қостанай академиясының педагогика және психология кафедрасының қызметкерлері «ІІО жас қызметкерлерін психологиялық сүйемелдеу» тақырыбында V кафедралық курсанттық (студенттік) конференция өткізді. Іс-шараға Қостанай академиясының курсанттары мен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің студенттері қатысып, кәсіби диалог пен ғылыми пікір алмасу алаңына айналды. Конференция барысында жас қызметкерлердің психологиялық бейімделуі, кәсіби қалыптасуы және ІІО жүйесіндегі сүйемелденуі туралы мәселелері жан-жақты талқыланды. Конференция қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар табысталып, үздік баяндамалар I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталды.
