Академия ардагерімен кездесу
Академия ардагерімен кездесу

17 Апр 2026 15:00:00
Академияда ұрпақтар сабақтастығы және болашақ офицерлерді тәрбиелеу аясында курсанттардың Видершпан Александр Валерьяновичпен кездесуі өтті. А.В. Видершпан Академия қабырғасында 20 жылдан астам қызмет атқарып, оқу бөлімшелерін басқарған. Ол — философия ғылымдарының кандидаты, білікті ұстаз әрі тәлімгер ретінде кеңінен танылған. Оның өмір жолы — Отанға адал қызмет етудің, парыз бен ар-намысты биік ұстаудың жарқын үлгісі. Ал оның тағылымды сөздері курсанттарды елге адал қызмет етуге және офицерлік абыройды жоғары ұстауға рухтандырады.
