Курсанттар ардагермен кездесті
Курсанттар ардагермен кездесті

Apr 17, 2026, 3:00:00 PM
Академияда ұрпақтар сабақтастығы қағидатын іске асыру және болашақ офицерлерді тәрбиелеу аясында курсанттар ардагер Укин Сымбат Кенжебековичпен кездесті. С.К. Укин Академия қабырғасында ұзақ жылдар бойы қызмет етіп, оқытушылық қызметпен айналысып, жоғары білікті мамандарды даярлауға елеулі үлес қосты. Конституциялық құқық саласының тәжірибелі ғалымы ретінде ол кафедраны басқарған және заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне ие. Кездесу барысында ардагер өзінің кәсіби тәжірибесімен, қызмет жолындағы естеліктерімен бөлісіп, курсанттарға құнды тағылымды кеңестер берді.
