Menu
1414 Call Center

Танымдық әдеби шолу

Танымдық әдеби шолу

ІІМ Қостанай академиясының кітапханасында Ұлттық кітап күніне орай 1-курс курсанттарына арналған «Ұлы даланың үні» атты танымдық әдеби шолу ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қазақтың көрнекті қаламгерлері — А. Құнанбаев, М. Әуезов, І. Есенберлин, Қ. Аманжолов, Ә. Нұрпейісов, М. Мақатаев шығармалары таныстырылды. Олардың еңбектері арқылы Ұлы даланың дәстүрлері, философиясы мен тарихы кеңінен насихатталды. Сонымен қатар адам мен қоғам туралы терең философиялық ойлар қозғалып, қазақ халқының мәдениеті, тұрмысы және дүниетанымын бейнелейтін, тәрбиелік мәні зор көркем шығармалар ұсынылды. Классик авторлардың туындыларымен қатар, адамгершілік пен мораль тақырыптарын арқау еткен жергілікті қостанайлық жазушылар - А.Шаяхметов, С.Кенжеахмет және басқа да қаламгерлердің шығармалары таныстырылды. Іс-шара соңында курсанттар өздерінің сүйікті авторларының өлеңдерін мәнерлеп оқып, рухани әсерлерімен бөлісті.‎

cc54c11da9f3f602cb7579dfb0742a4e56f03de5.jpeg
Apr 23, 2026, 8:00:00 PM