Menu
1414 Call Center

Көшбасшылық дәріс

Көшбасшылық дәріс

ІІМ Қостанай академиясының Қылмыстық құқық және криминология кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы Айдаркан Байдекович Скаков «Ғылыми мектеп» шеңберінде құқық қорғау органдары қызметкерлеріне арналған көшбасшылық дәріс өткізді. Іс-шараның басты мақсаты – құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, заманауи талаптарға сай көшбасшылық қасиеттерін дамыту және қызметтік тиімділігін жетілдіру болды. Кездесу аясында қатысушылар көшбасшылықтың негізгі қағидаттары, басқарушылық шешім қабылдау, кәсіби жауапкершілік пен тиімді коммуникация дағдыларын дамыту мәселелері бойынша құнды ұсыныстар алды. Іс-шара соңында Айдарқан Байдекұлы оқу орнымыздың кітапханасына курсанттардың білім алу үдерісіне пайдалы болатын кітаптарын сыйға тартты.

0ea497256f73b54373c7da077559edc07e475772.jpege2d125ff6462c7cf91c2d6c2fdb2451490733b42.jpegcbba0a68b8bd9a039df784d0ac65199d1c80ce7b.jpeg
Apr 24, 2026, 2:00:00 PM