Ғылыми – әдістемелік базаның ашылуы
Ғылыми – әдістемелік базаның ашылуы

2026 ж. 27 сәу., 14:00:00
ІІМ Қостанай академиясында академик Зұлқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің «Құқық» кафедрасының студенттері мен магистранттарына арналған ғылыми-әдістемелік базаның ашылу салтанаты өтті.
Іс-шараның мақсаты – ғылым мен жоғары білімнің ықпалдастығын нығайту, «Құқық» бағыты бойынша мамандарды сапалы даярлау, студенттер мен магистранттарды әдістемелік тұрғыда қолдау, сондай-ақ басым ғылыми бағыттар бойынша бірлескен зерттеулер жүргізу болып табылады. Аталған бастама Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы мен академик З. Алдамжар атындағы ҚӘТУ-дың ғылыми және инновациялық әлеуетін тиімді пайдалануға бағытталған.
