Біздің қызметкерлер - біздің мақтанышымыз!
Біздің қызметкерлер - біздің мақтанышымыз!
28-apr, 2026, 14:00:00
Еліміздің құқықтық дамуы мен қоғамдық келісімін нығайту жолында маңызды орын алатын «Халықтық конституция – ұлттық құндылықтар мен бірліктің айнасы» тақырыбында маңызды іс-шара өтті. Аталған жиында ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының курс басшылары полиция подполковнигі Т.Баймаганов, полиция подполковнигі А.Нурахметов, полиция майоры А.Даушев, полиция капитаны С.Сейльбеков Қазақстан Республикасының Президенті - Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан Алғыс хатпен марапатталды. Қызметкерлерімізді лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы қызметтеріне толағай табыс, зор денсаулық және жаңа жетістіктер тілейміз!