Академияда республикалық семинар өтті
ҚР ІІМ Қостанай академиясында ағымдағы жылдың 27–29 күндері аралығында «Қылмыстық-атқару жүйесінің бұқаралық ақпарат құралдарымен және қоғаммен өзара байланыс» тақырыбында республикалық семинар ұйымдастырылды. Аталған семинарға ҚР ІІМ Ақпараттық саясат департаментінің, Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің өкілдері, сондай-ақ өңірлік ҚАЖ департаменттерінде бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмысқа жауапты қызметкерлер қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің бұқаралық ақпарат құралдарымен және қоғаммен өзара іс-қимыл саласындағы кәсіби құзыреттілігін арттыру. Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, бұқаралық ақпарат құралдарымен тиімді жұмыс жүргізудің озық тәсілдерін талқыланып, соңында барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

