Мәзір
1414 Байланыс орталығы
Қабылдау комиссиясы +7 705 242 37 27, +7 714 239 09 19
Сенім телефоны +7 714 239 09 19(1012)

Мереке қарсаңында салтанатты іс-шара өтті

Мереке қарсаңында салтанатты іс-шара өтті

ІІМ Қостанай академиясында Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Академияның саптық алаңында өткен мерекелік жиынға оқу орнының басшылығы, ардагерлер, профессорлық-оқытушылар құрамы, қызметкерлер, курсанттар мен тыңдаушылар қатысты. Салтанатты шара барысында жиналған қауымды Академия басшылығы мен ардагерлері құттықтап, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің адал еңбегінің маңыздылығын ерекше атап өтті. Іс-шараның маңызды сәттерінің бірі – құқық қорғау органдарына жаңадан қабылданған жас қызметкерлердің Ант қабылдау рәсімі болды. Бұл – олардың халыққа адал қызмет етуге, заң мен тәртіпті қорғауға берген сертінің айқын көрінісі. Мереке аясында өз міндеттерін адал атқарып жүрген қызметкерлерге ерекше құрмет көрсетілді. Қызметтегі жоғары жетістіктері үшін бірқатар қызметкерлерге мерзімінен бұрын арнайы атақтар берілді. Сонымен қатар, оқуда үздік нәтиже көрсеткен курсанттарға да атақтар табыс етілді. Мереке құтты болсын!

d4e838a85b094f174f9fc10d7dd1474e40ec51a7.jpega1b3692779a22643fde0b5669e76e4d047454954.jpeg5f1eda5aecce7b80458f74c0912b3a52e6c13a44.jpeg1b9d775ad436a8b60699f52a3656ffa063c1e7c1.jpeg2313772d046b9078904d75000638ed6d7fba9622.jpeg
2026 ж. 07 мам., 14:00:00