Меню
1414 Маркази тамос
Комиссияи интихобӣ +7 705 242 37 27, +7 714 239 09 19
Телефони боварӣ +7 714 239 09 19(1012)

Концерттік бағдарлама мерекенің сәнін келтірді

Концерттік бағдарлама мерекенің сәнін келтірді

ІІМ Қостанай академиясы акт залында Отан қорғаушылар күніне орай салтанатты мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік іс-шараға Академия басшылығы, ардагерлер, қызметкерлер қатысып, мерекенің мән-маңызын бірге бөлісті. Іс-шара барысында Академия басшылығы Ішкі істер министрлігінің марапаттарымен өз қызметін адал әрі мінсіз атқарып жүрген қызметкерлерді құрметтеп, олардың еңбегіне жоғары баға берді. Сонымен қатар, оқу орнының дамуына елеулі үлес қосқан ардагерлер де назардан тыс қалмады. Оларға арнайы медальдар мен құрмет грамоталары табысталып, көпжылдық еңбегі мен мол тәжірибесі үшін шынайы алғыс білдірілді. Мерекелік кеш әсерлі концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Нәзік жандардың орындауындағы әсем әндер мен көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Мереке  құтты болсын!

9d210893bcdfe1df6c36738628e0672a3ccff163.jpegb35373a012f384385cd04015b33e24e7c01ded8e.jpeg23cf184d56395299657aaacdc7b7a51e078be664.jpeg9fe2f31f3a5f981d047bd599bac07164fd1f7fc3.jpeg90acc9ece16d2d54345b13d986b8f58d1125870a.jpeg
07 Май 2026 14:05:00