Батырларға мәңгілік даңқ!
Батырларға мәңгілік даңқ!




2026 ж. 09 мам., 14:00:00
Бүгін Жеңіс күні мерекесіне орай Жеңіс саябағында облыс әкімінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті. Ерлік пен батырлықты ұлықтаған тағылымды жиында Академия басшылығы, жеке құрам мен курсанттар да белсенді қатысып, Отан үшін жанын қиған батырларды бір минут үнсіздікпен еске алды. Іс-шара барысында Мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылып, майдангерлердің рухына тағзым жасалды. Бұл - ел тыныштығы мен бейбіт өмір үшін күрескен ардагерлерге деген құрметтің айқын көрінісі. Ерлік ешқашан ұмытылмайды. Батырлардың рухы мәңгі жасасын!



