Menu
1414 Call Center

«Студенттік көктем - 2026»

«Студенттік көктем - 2026»

Қостанай қаласында бір ай бойы дәстүрлі «Студенттік көктем – 2026» фестивалі өтті. Ауқымды мәдени іс-шараға Қостанай академиясының курсанттары белсене қатысып, өз өнерлері мен қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті. Фестиваль аясында қатысушылар спорттық жарыстарда, пікірсайыстарда және қызықты квест ойындарында бақ сынады. Курсанттар әр кезеңде белсенділік танытып, өздерінің ұйымшылдығы мен жан-жақтылығын дәлелдей білді. Сонымен қатар, Академия курсанттары өз шеберліктері мен өнерлерінің арқасында жүлделі 2- ші орынға ие болды. Біз курсанттарымызды шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз!

«Студенттік көктем – 2026» фестивалі жастардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін арттырып қана қоймай, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға үлкен мүмкіндік берді.

35b9ceb0bcf47dd9b48c33564cf98c29da67c925.jpega9227878adf8802c7e3d235faecb471344932a79.jpeg777d5a6c019c8f79a84f135fd559a8a2bbd34502.jpeg1f2337634d46283f2a9fadd81a34300009f82024.jpeg91685b15e2411c78e79ad8c98cd13bfea9529256.jpeg
May 14, 2026, 2:00:00 PM