Әдеби – танымдық шығармашылық кеш
Әдеби – танымдық шығармашылық кеш




15 Май 2026 14:05:00
Қылмыстық құқық және криминология кафедрасы қазақ халқының даңқты перзенті, батыр, қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлына арналған әдеби-танымдық шығармашылық кеш ұйымдастырды. Кештің мақсаты - батырдың өмірі мен ерлігін насихаттау, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, шығармалары арқылы рухани құндылықтарды дәріптеу. Іс-шараның арнайы қонақтары Академия ардагерлері шақырылды.
Іс-шара барысында қатысушылар батырдың шығармаларынан үзінді оқып, көркем қойылымдары мен патриоттық әндерімен кештің мазмұнын тереңдете түсті.



