«Үздік оқытушы – 2026» облыстық байқауы
«Үздік оқытушы – 2026» облыстық байқауы
15 Май 2026 14:15:00
Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Үздік оқытушы – 2026» облыстық байқауы өтті. Іс-шараға мемлекеттік тілді меңгеріп жүрген тыңдаушылар ретінде әкімшілік-құқықтық пәндер кафедрасының бастығы, полиция полковнигі А.Смышляев пен қылмыстық-атқару құқығы кафедрасының доценті, полиция подполковнигі М.Олексюк қатысты. Олар байқау барысында оқытушылардың сұрақтарына еркін жауап беріп, тіл меңгерудегі жоғары дайындықтарын айқын көрсетті.