Апталық курстар аяқталды
Апталық курстар аяқталды

16 maý 2026 14:00:00
ІІМ Қостанай академиясында патрульдік полиция батальоны қызметкерлеріне арналған «Диалогтық полиция: коммуникация мәдениеті және қоғаммен өзара іс-қимыл» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курстары аяқталды. Оқу барысында тыңдаушылар халықпен тиімді қарым-қатынас жасау саласындағы кәсіби дағдыларын жетілдіріп, полиция мен қоғам арасындағы өзара іс-қимылдың заманауи тәсілдерін меңгерді, сондай-ақ тартысты жағдайлардың алдын алу және оларды реттеу әдістерін игерді. Курс қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды.
