Мәзір
1414 Байланыс орталығы
Қабылдау комиссиясы +7 705 242 37 27, +7 714 239 09 19
Сенім телефоны +7 714 239 09 19(1012)

Жеке құраммен және курсанттармен кездесу

Жеке құраммен және курсанттармен кездесу

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 16 мамырдағы «Кiтап оқу мәдениетін дамыту және зерделi ұлт қалыптастыру жөнiндегi шаралары туралы» №1279 Жарлығын іске асыру аясында академия басшылығы курсанттармен және академияның жеке құрамымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында кітап оқу мәдениетін дамыту, жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесін нығайту, білім мен ғылымға қызығушылықты арттыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, қатысушыларға Қазақстанның тарихын, мәдениетін, дәстүрлері мен рухани мұрасын насихаттайтын отандық авторлардың шығармалары таныстырылды.

Іс-шараның мақсаты – оқуға деген қызығушылықты арттыру, курсанттардың дүниетанымын кеңейту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және білімге ұмтылысын қалыптастыру.

b8178e188f6fae9f96b7ce9538e78a1ba3145678.jpega6a25950e7a9ac7ff60fa94b53154a26d427ebde.jpeg
2026 ж. 25 мам., 14:00:00