Menu
1414 Call Center

Алғашқы кәсіби даярлық курстарының тыңдаушыларына сертификаттар табысталды

Алғашқы кәсіби даярлық курстарының тыңдаушыларына сертификаттар табысталды

Екі ай бойы теориялық және тәжірибелік білім алып, кәсіби дағдыларын жетілдірген тыңдаушылар алғашқы кәсіби даярлық курсын сәтті аяқтады.

Білім мен тәжірибені ұштастырған курс олардың кәсіби даярлығын арттырып, қызметтік міндеттерін сапалы орындауға берік негіз қалады.

Тыңдаушыларымыз «Заң мен тәртіп» қағидаттарын басшылыққа ала отырып, халықтың қауіпсіздігі мен қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында адал қызмет етуге дайын.

Салтанатты шара барысында сертификаттар табысталып, алдағы қызмет жолында табыс тілегі айтылды.
 

64d261332085b7aba86c8b7c9fda70f721b70e31.jpege33cfb9bb380ac11722550e347ac51935634bfe2.jpeg9f88c099949542a85efd307cd5877c3fe93fdc3a.jpegba3e84fb4e056f5f5c8bcb3b5b37c7b26600d137.jpeg5dafac45ae9c7e5e2517b66caf8e9257ef9884d4.jpeg
May 30, 2026, 2:00:00 PM