2016 жылғы 20 сәуірде ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 45-жылдығына орай оқу залында, 105, 107, 108, 111, 112 оқу тобының кураторлары ұйымдастырған викторина сайысы өткізілді. Викторинаға 4 топ қатысты: 1 топ – 107 оқу тобы, топ атауы «Болашақ генералдар». 2 топ -105 оқу тобы, топ атауы «Ата Заң». 3 топ – 111, 112 оқу топтары, топ атауы «Психологтар». 4 топ – 108 оқу тобы, топ атауы «Көңілді курсанттар». Викторина 7 турдан тұрды. 1 тур «Таныстыру және суырып салмалық таныту». Бұл турда әр топ өз топ атауларын, ұрандарын және топ белгілерін таныстырды, сонымен қатар, үй тапсырмасын көрсетті. 2 тур «Өз ойыным». Бұл этапта әр ұяшықта берілген сұрақтарға топ кезекпен жауап беріп, өз қанжығаларына ұпай жинады. 3 тур «Топ басшылар сайысы». Әр топ басшылары жүргізушінің қойған сұрағына 30 секунд ішінде жауап беру тиіс. Әр дұрыс жауап үшін 1 ұпайдан алады. 4 тур «Қара жылқы». Жүргізуші атақты бір танымал тарихи адамды жасырады жәнеоны табу үшін бағдар береді. Бұндай бағдар төртеу. Егер де кез келген топ жүргізушінің берген бірінші бағдарынан кейін тауып алса, онда олар 4 ұпай алады, екінші бағдарынан кейін тапса 3 ұпай, осылай ойын жалғаса береді. 5 тур «Қобдишадаға жасырын сөз». Әр топ басшысы қобдишадан сұрақтар алып, жауап береді, әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан. 6 тур «Көшбасшылыққа талас». Әр топқа кезекпен 10 сұрақтан қойылды. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан. 7 тур «Сен –маған, мен саған». Топтар бір-біріне 3 сұрақтан қояды. Әр дұрыс жауапқа топтар 5 ұпайдан алады, және де қойылған сұрақтың сапасы да бағаланды. Іс шара соңында әділ қазылар сайыстың қорытындысын шығарып, мақтау қағаздарымен марапаттап, сыйлықтар сыйлады. 1 орын - «Көңілді курсанттар» - 108 оқу тобы. 2 орын –«Ата Заң» - 105 оқу тобы. 3 орын –«Болашақ генералдар» - 107 оқу тобы.
Ерик Акимжанов 105 оқу тобының кураторы полиция майоры
Сауле Игликова 107 оқу тобының кураторы полиция майоры
Сауле Байгабулова 111, 112 оқу тобының кураторы полиция майоры
Назгуль Турсумбаева 108 оқу тобының кураторы полиция лейтенанты
2016 ж. 22 сәу., 08:25:49