Қазақстан полициясының тарихына 25 жыл ғана емес. Қазақстан полициясының тарихы – бұл біздің ұлы еліміздің тарихы. Бұрынғы заманда да ата-бабамыз қазақ халқын қорғау туралы ойлаған. Жеті жаргы – Тәуке хан кезіндегі Қазақ хандығында қабылданған бірінші заңдар жинағы. Бұл жинақ әйгілі Төле би, Қазыбек би және Әйтеке билердің қатысуымен XVIII ғасырдың басында әзірленді. Осы заңдардың негізі – біздің жерімізді, отбасымызды күзету, қылмыс үшін жазалау, жетімдер мен жесірлерді қорғау – әлі күнге дейін қызмет етеді.
Қазақстан полициясының құрылу тарихы – мерейтойлы жылы «Парасатты полицей» сайысындағы «Ел қорғандары» командасының тақырыбына айналды. Қостанай академиясының сахнасында сонау ата заманнан бастап қазіргі уақытқа дейінгі тарихи әрекеті көрсетілді.
Көрермендер алдына қазақ билері, ТК қызметкерлері, әйгілі генерал Шырақбек Қабылбаев, кеңестік милиция қызметкерлері шықты.
Көрермендердің ойлары бойынша «Ел қорғандары» командасының қойылымдары сайыстың барлық талаптарын орындады және «Парасатты полицей» академиялық сайысында ең үздік болды. Патриотизм сезімін тәрбиелеу, қызметкерлердің шығармашылық сапаларын дамуты, полиция қызметкерінің оңды беделін көтерудегі қойылған мақсат орындалды.
Сайысқа қатысқан барлық командалар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсете білді. А. Ибраевтың, К. Карабековтың, Р. Аужановтың, Е. Дерипсалдиннің, Н. Есенжоловтың, Л. Нуралинаның, А. Табулденовтың, Т. Баймагановтың, Т. Ергалиевтың, С. Мурзабаеваның, А. Сырлыбаевтың, А. Конвисарьдің, Б. Абдыхалыковтың, Б. Құрмангаливаның, Н. Турсумбаеваның актерлік шеберліктері барлығын таң қалдырды.
Эмоциялар, командалар қолдауы, полицей мамандығына деген махаббат – «Парасатты полицей» сайысының қорытындысы.
Біліктілікті арттыру және қайта даярлау институты
Жандарбекова Г.
Нуркина Б.