ІІМ Академиясы: балалар үшін викторина
ІІМ Академиясы: балалар үшін викторина

2025 ж. 22 мам., 15:00:00
Балаларды қорғау күні қарсаңында Академияға Қостанай қаласының физика-математика лицейінің оқушылары келді. Балалар жалпы құқықтық пәндер кафедрасы ұйымдастырған "Балалардың құқықтары мен міндеттері" викториналық ойынына қатысты. Ұлдар мен қыздар викторина сұрақтарына ойын түрінде жауап беріп, керемет білімдерін көрсетті. Іс-шара қорытындысы бойынша ең белсенді қатысушыларға ЖОО басшылығынан грамоталар табыс етілді.

