Мәзір
1414 Байланыс орталығы
Қабылдау комиссиясы +7 705 242 37 27, +7 714 239 09 19
Телефон доверия +7 714 239 09 19(1012)

"Бірлік жүгірісі- 2025"

"Бірлік жүгірісі- 2025"

Бүгін Қостанай спорт бірлігінің орталығына айналды.  1 мамырда Қазақстан халықтары арасындағы достық пен келісімді нығайтуға арналған «Бірлік жүгірісі-2025» жалпыреспубликалық жеңіл атлетика жүгіріс шеруі болып өтті. Ауқымды шараға облыстың түрлі ұйымдары, оқу орындары мен спорт клубтарының атынан мыңға жуық қатысушы жиналды.

Жарысқа ІІМ Қостанай академиясының барлық жеке құрамы қатысып,  бірлік пен патриотизм қағидаттарына адалдықтарын көрсетті. Мерекелік атмосфера мен салауатты өмір салты бүкіл жол қашықтық бойына салтанат құрып, қатысушыларды ортақ мақсат – еліміздің гүлденуі мен әл-ауқатына ұмтылуға біріктірді.

638f0d7d3c39fa994bcb527cf20f99a9a8ba707e.jpg83886a857de4e3a5dd5052fc96fd356bc61c6136.jpgbb8fe49443dccebcdb1e7802ecdd9c39886c1ee2.jpg54a9f8e9de857789ab92475bc9a99fabc919ecb2.jpg

 

2025 ж. 01 мам., 15:00:00