«Ертеңгі күніңді ойласаң, есірткіге еліктеме» әңгімелесу сабағы
Қостанай облыстық тарихи - өлкетану музейінде Халықаралық нашақорлық пен есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай «Ертеңгі күніңді ойласаң, есірткіге еліктеме» атты әңгімелесу сағаты өтті. ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 1 курс курсанттарының алдында Қостанай облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс - қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция майоры Манат Суентаев және «Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығы» КМК консультативтік-диагностикалық бөлімшесінің психологы Гүлсім Бейсембаева сөз сөйледі. Әңгімелесу сағатында есірткі құралдарының таралуын болдыртпау мақсатында өткізілетін профилактикалық іс-шаралар, аталған құралдардың жастардың денсаулығына теріс әсерін және оларды таратқаны үшін қылмыстық жаза қолданатындығы туралы айтты.