Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80-жылдығына орай...
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80-жылдығына орай...
2025 ж. 12 ақп., 19:00:00
Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық кітапханасында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ұрпақтар жадында сақталар соғысы» көрмесі ашылды. Кітапхана қызметкерлері кеңестік сарбаздардың ерен ерліктері туралы баяндайтын кітаптар, деректі материалдар, фотосуреттер мен естеліктер ұсынды. Іс-шараға Ұлы Отан соғысының ардагері қостанайлық Қасымхан Алдабергенов қатысты. ІІМ Қостанай академиясының кәсіптік даярлау факультетінің 2-курс курсанты полиция кіші сержанты Досбол Смайлов Жеңістің 80 жылдығына домбырада авторлық терме орындап, көрермендердің көңілінен шықты.
