«Нашақорлық-шын қорлық» атты тақырыпта іс-шара
Ағымдағы жылдың 20 маусым күні Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде Халықаралық нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес күніне орай «Нашақорлық-шын қорлық» атты тақырыпта іс-шараға Қостанай академиясының КДФ 2 курс 201 тобының курсанттарымен топ кураторы полиция капитаны А.Х. Оразов қатысты. Кездесуде арнайы қонақ болған Қостанай қалалық полиция басқармасының есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің аға жедел уәкілі полиция подполковнигі Сексенова Әсел Қайсарқызы. Іс –шараның мақсаты жастар мен қоғам арасында нашақорлықтың зияны туралы түсінікті арттыру, есірткіге тәуелділіктің алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау, білім алушыларға есірткінің физикалық, психологиялық және әлеуметтік зардаптарын түсіндіру мен қатар көптеген мысалдар келтірілді, видео көрсетіліп, брошюралар таратылды.

