Халықаралық ғылыми-практикалық конференция
ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында «Қазіргі кезеңде ішкі істер органдарының ұйымдастырылуы мен қызметі: мәселелері және шешу жолдары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Республика күні қарсаңында конференция тақырыбы өзекті болып, қоғамымыздың тұрақтылығы мен өркендеуі үшін құқықтық тәртіптің маңыздылығын атап өтті. Іс-шараға М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Ресей ІІМ Сібір заң институты, Ресей ІІМ Барнаул заң институты, Ресей ЖОФҚ Воронеж институты, Ресей ЖОФҚ Пермь институты, Ресей ІІМ Волгоград Академиясы, Тәжікстан Республикасы ІІМ Академиясы, Өзбекстан Республикасы ІІМ Академиясы, Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университеті және тағы да басқа таяу шет елдер мен Қазақстан Республикасының басқа да жетекші ғалымдары мен практиктері тәжірибе алмасуға және қазіргі заманғы сын-қатерлерді шешудің жаңа тәсілдерін әзірлеуге ықпал етті.