Біз қызметкерлеріміздің жетістіктерін мақтан тұтамыз.
Біз қызметкерлеріміздің жетістіктерін мақтан тұтамыз.

2024 ж. 05 қыр., 23:40:00
Қылмыстық іс жүргізу және криминология кафедрасы бастығының орынбасары заң ғылымдарының кандидаты полиция полковнигі Е.С.Акимжановтың а.ж. тамыз айында «Қазақстан Республикасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтан әкімшілік-құқықтық қорғау» атты монографиясы жарық көрді. Бұл құнды еңбек ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына сыйға тартылды. Өзінің монографиясында автор Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтан әкімшілік-құқықтық қорғаудың теориялық және практикалық аспектілерін қарастырған. Ол құқықта қолдану тәжірибесі мен ғылыми пікірталастарда көрсетілген мәселелер туралы өз көзқарасымен бөліседі, сондай-ақ осы маңызды саладағы заңнаманы жетілдірудің дұрыс ұсынымдары мен жолдарын ұсынады.

