Мәзір
1414 Байланыс орталығы
Қабылдау комиссиясы +7 701 190 82 94
Сенім телефоны +7 747 143 2632

Диссертациялық кеңестің ашылуы

Диссертациялық кеңестің ашылуы

Қостанай академиясында алғаш рет философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің отырысы өтті, оған Қазақстаннан да, шетелден де құқық қорғау қызметі саласындағы жетекші мамандар қатысты. Диссертациялық кеңестің салтанатты ашылуы аясында Академияның оқу залына ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, заң ғылымдарының докторы, профессор Айдарқан Байдекұлы Сқақовтың есімі берілді. Салтанатты шара символдық түрде кесуден басталды. Диссертациялық кеңеске құттықтау сөздерімен және жемісті жұмыс тілектерімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қайраткері Тоқтарбай Қадамбаев, профессор Айдарқан Сқақов сөз сөйледі. Академия бастығы полиция генерал-майоры Ақынқали Дәрменов барлық қатысушыларға көрсеткен назарлары үшін алғысын білдірді. Кеңес отырысы Айдарқан Сқақовтың төрағалығымен өтті

edf209bd20082d276d3165d27faf73fda77e59ae.jpeg6024917e952c8d059c1b45bdfe770ef73f599ed4.jpeg7462dcb1dd52a8b06740dfc791ced1d11f27b16a.jpeg433525ab26ef30385ca54df670dfaa350317bec5.jpeg4ec44abfc2c3eb107437be1636452fa7324ea508.jpeg
2024 ж. 20 жел., 18:00:00