Мәзір
1414 Байланыс орталығы
Қабылдау комиссиясы +7 705 242 37 27, +7 714 239 09 19
Телефон доверия +7 714 239 09 19(1012)

Магистратураға оқуға түсу

Магистратураға оқуға түсу

Бүгін Қостанай академиясының қабырғасында ғылыми және педагогикалық магистратураға түсетін үміткерлер үшін бейіні бойынша қабылдау емтихандары өтті. Академия бастығы полиция генерал-майоры Ақынқали Дәрменов оқуға түсушілерге құттықтау сөз сөйлеп, магистратурада оқу баршаға білім әлеміне, кәсіби жетістіктерге жол ашатынын атап өтті. Бұл теориялық оқыту бастамасы арқылы практикалық қызметте туындайтын мәселелерді қарастырудың бірегей мүмкіндігі.

a7e4297ef1441eb3f13b6b46fb7ca23a37bc092f.jpeg27bfb0694236bc5a9e1f27a9d2113451f254c707.jpeg92874ed4b401ffa9d39649629d57091fd225621d.jpeg0a2d0cd0270cddf19bfa042d93f84a5af0138963.jpeg

Қабылдау емтихандарына Академияның басшылығы мен

профессорлық -оқытушылар құрамынан тұратын емтихан комиссиясымен қатар, Қазақстанның жетекші ғалымдары, заң ғылымдарының докторы Айдарқан Байдекұлы Сқақов, заң ғылымдарының докторы Зайрулла Сембайұлы Токубаев, заң ғылымдарының докторы Булатбек Қабдушұлы Шнарбаев, педагогика ғылымдарының докторы Наталья Павловна Ким  үміткерлерге объективті баға беріп, сұрақтар қойды.

Барлық үміткерлерге сәттілік тілейміз!

2024 ж. 12 там., 19:50:00