Мерекелік салтанатты жиын
Мерекелік салтанатты жиын
Бүгін ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиын өтті. Профессорлық-оқытушылар құрамын, курсанттар мен тыңдаушыларды Академия бастығы полиция генерал-майоры Ақынқали Дәрменов құттықтап, оқуда табыс, кәсіби, ғылыми және шығармашылық жоспарларының жүзеге асуына тілектестігін білдірді. Қызметтік міндеттерін атқару барысында ерекше көзге түскен Академия қызметкерлерін төсбелгілермен және грамоталармен марапаттады.
2024 ж. 02 қыр., 15:00:00