Menu
1414 Call Center
Helpline +7 747 143 2632

Ант қабылдау - 2025

Ант қабылдау - 2025

Бүгін Қостанай қаласының орталық алаңында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бірінші курс курсанттары үшін ішкі істер органдары қызметкерінің салтанатты түрде Ант қабылдау рәсімі өтті. Ант қабылдау рәсімі ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, доцент, отставкадағы ішкі қызметтің генерал-майоры Т.Қ. Кабденовтің 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды. Іс-шараға Ішкі істер министрінің орынбасары әділет полковнигі А.С. Қайырбеков және басқа да ресми тұлғалар қатысты.

Құрметті қонақтар бірінші курс курсанттарына жүрекжарды тілектерін жеткізді.

Салтанатты рәсім құқық қорғау саласының жаңа буынының символына айналған саптық шерумен аяқталды.

0b5db916fc101e09584c2a2d038c40cf7b74b7e6.jpega7d7e7da327e8738458ed16a30da29007e9652bf.jpeg396effc5b4f31f20f1aabb45e5e4849c3f9e2fd9.jpega998e38f3e10d3ead116c1196330c16c8f3aa867.jpege1f2c7b42e2da2b8b010c8d7103a62f956eb4c40.jpeg
Sep 20, 2025, 2:00:00 PM