Ынтымақтастықты дамыту
Академияның ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері полиция майоры Лев Хон Ташкент қаласында өткен Өзбекстан Республикасы ІІМ Академиясының 30 жылдығына арналған «Құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысқа қарсы күрес саласында білікті кәсіби кадрлар даярлау: үрдістер мен перспективалар» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Ғылыми-өкілдік іс-шараға Өзбекстан Республикасының мемлекеттік басқару органдары мен құқық қорғау органдарының басшылары, халықаралық ұйымдардың, БҰҰ, ЕО, Өзбекстандағы ЕҚЫҰ-ның өкілдіктерінің өкілдері, Әзірбайжан, Қытай, Беларусь, БАӘ, Иран, Сауд Арабиясының елшілері, сондай-ақ Корея, Беларусь, Қытай, Ресей, Сауд Арабиясы, Иран, Сингапур, БАӘ, Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Үндістан полицияларының жоғары оқу орындарының қызметкерлері қатысты. Конференция соңында құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысқа қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін ұсыныстар мен ұсынымдар берілді.