Алқа отырысының қорытындылары жеке құрамға жеткізілді
Алқа отырысының қорытындылары жеке құрамға жеткізілді
2026-ж., 21-янв. 14:00:00
Ішкі істер органдарының 2025 жылғы жедел қызметінің қорытындылары шығарылып, алдағы кезеңге арналған басым міндеттер айқындалған алқа отырысының нәтижелері академияның жеке құрамына жеткізілді.
Жиын барысында білім беру қызметін жетілдіруге бағытталған нақты мақсаттар мен міндеттер белгіленіп, оларды іске асыру бойынша тапсырмалар берілді. Алға қойылған міндеттер кадр даярлау сапасын арттыруға, оқу үдерісін жетілдіруге және қызметтік даярлық деңгейін күшейтуге бағытталған.