Тәлімгерлер кеңесі семинар өткізді
Тәлімгерлер кеңесі семинар өткізді
2025 ж. 22 қаз., 15:00:00
ІІМ Қостанай академиясында Тәлімгерлер кеңесінің ардагерлері жас қызметкерлермен және 2-курс курсанттарымен «ІІО-дағы технологиялар мен инновациялар. Киберқауіпсіздік және деректерді қорғау» тақырыбында семинар өткізді. Іс-шараның мақсаты – тиімді және қауіпсіз қызметті қамтамасыз ету үшін заманауи технологиялармен, инновациялық шешімдермен және киберқауіпсіздік қағидаттарымен таныстыру болды. Семинар барысында ардагерлер жастардың цифрлық технологияларды жауапкершілікпен пайдалануына және киберқылмыстың алдын алуға бағытталған іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті. Іс-шара Академия қызметкерлері мен курсанттарының үлкен қызығушылығын тудырып, олардың белсенді қатысуымен өтті