“Бірге кітап оқиық!” тақырыптық сағат
“Бірге кітап оқиық!” тақырыптық сағат


16-mar, 2026, 16:00:00
Наурыз мерекесін тойлау күнтізбесінде 16 наурыз "Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күнi" болып белгіленген.
Бұл күні академия кітапханасы 1-курс курсанттарымен бірлесіп "Бірге кітап оқиық !" тақырыптық сағатын ұйымдастырды.
Іс-шара бағдарламасында Наурыз мерекесінің тарихы, қазақ халқының салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары мен тұрмысы туралы кітаптардан әңгімелер оқылды.
"Қазақ мәдениетінің білгірлері" викторинасы қазақ халқының тарихы, мәдениеті мен өнері бойынша білімдерін жаңартуға мүмкіндік берді.
"Ұлттық мұра - ұрпаққа аманат" тақырыптық кітап көрмесі курсанттардың қызығушылығын тудырды

