Меню
1414 Маркази тамос
Комиссияи интихобӣ +7 705 242 37 27, +7 714 239 09 19
Телефони боварӣ +7 714 239 09 19(1012)

Салтанатты түрде сертификаттар табысталды

Салтанатты түрде сертификаттар табысталды

Қостанай академиясында облыстық прокуратура мен жергілікті атқарушы органдардың бастамасымен «Психологиялық қауіптердің алдын алу: суицид және буллинг» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өткізілді. Курс педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, балалар мен жасөспірімдердің психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ суицид пен буллингтің алдын алу тетіктерін жетілдіруге бағытталды.

Іс-шара Қостанай облысы прокуратурасы, облыс әкімдігі, денсаулық сақтау басқармасы, А.Байтұрсынұлы атындағы жоғары оқу орны және Қостанай облысы білім басқармасының «Психологиялық қолдау және тәрбие жұмысын аймақтық оқу-әдістемелік орталығымен» бірлесіп ұйымдастырылды.

Курс бағдарламасы 38 академиялық сағатты қамтып, теориялық дәрістер мен практикалық сабақтардан тұрды. Академия бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Ерлан Сейдильдаевич Ахметов қатысушыларға кәсіби табыс тіледі. Сонымен қатар облыстық психологиялық қолдау орталығының директоры Елена Александровна Петренко, облыс прокурорының аға көмекшісі Асель Байдильдаева сөз сөйлеп,  бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті.

Курс соңында барлық тыңдаушыларға сертификаттар салтанатты түрде табысталды.

680d537c5d7e46427a0ca2b70f483c53f35b3229.jpeg02e4ac356caa192ba770c322aaa37252796a32aa.jpeg
17 Янв 2026 14:00:00