Салтанатты іс-шара
ІІМ Қостанай академиясында 1 қараша — оқу орнының құрылған күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл күн көптеген жылдар бойы Академияның қалыптасуының бастауында тұрған ардагерлердің мерекесі ретінде атап өтіледі. Қостанай облысаралық кіші және орта басшы құрамды аялғашқы даярлау мектебі Қазақ КСР ІІМ-нің 1971 жылғы 1 қарашадағы №0278 бұйрығына сәйкес құрылды. Дәл осы тарихи күннен бастап қазіргі заманғы жоғары ведомстволық оқу орны — Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы өзінің хронологиясын жүргізеді. Салтанатты іс-шараны Қостанай академиясы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Сейлхан Жолдаскалиев ашып, Академияның жеке құрамы мен ардагерлерін құттықтады. Өз сөзінде ол Академия Қазақстанның құқық қорғау органдары үшін кадрлардың нағыз қайнар көзі болып табылатынын және ардагерлер салған сара - жол дәстүрлерін жалғастыратынын атап өтті. Сондай-ақ, Академияның аса қадірлі ардагерлері қатысушыларға жылы лебіздерін білдірді. Іс-шара ЖОО-ы курсанттарының музыкалық құттықтауларымен жалғасты. Кездесу соңында еске алуға арналған ұжымдық фотосуретке түсті, сондай-ақ мерекенің барлық қатысушыларына алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.