Menýu
1414 Çagyryş merkezi
Telefon belgisi +7 747 143 2632

Динамикалық қауіпсіздік орталығы

Динамикалық қауіпсіздік орталығы

 

Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында білім беру инфрақұрылымын дамыту жолында тағы бір маңызды қадам жасалды – Динамикалық қауіпсіздік орталығы ашылды. Бұл жоба БҰҰ ЕҚБ Бағдарламасы донорларының қолдауымен жүзеге асырылып, Академиямыздың білім беру инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадамға айналды. Салтанатты шараға ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары, ҚАЖК төрағасы әділет полковнигі Абай Қайырбеков, Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің саяси мәселелер жөніндегі қызметкері Лаура Дельгадо, АҚШ Мемлекеттік департаментінің Терроризмге қарсы бюросының өңірлік кеңесшісі Теодор Крейг, БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы бағдарламалық офисінің басшысы Мадина Сариева және өзге де құрметті қонақтар қатысты. Орталықтың ашылуы – жоғары білікті мамандарды даярлау және қоғамдық қауіпсіздікті нығайту жолындағы үлкен жетістік. Бұл – ынтымақтастық пен кәсіби өзара іс-қимылдың жаңа кезеңінің бастауы.

Барша қатысушыларға және серіктестерімізге алғыс айтамыз!

2b34fd76d9d743f3e2a310d95ce1bee930780ca0.jpeg64690406acf5dd2dbe957365637d7a3cd67a5cba.jpeg29feb4266d49170a4dd7b2cf1a72dbf0af1f189f.jpeg612e5917ec0af0b8bb237b96656ab9152643dfb1.jpeg99d3e9fb63dd3960052e9a51525e694a6f1f87fd.jpeg
22 sen 2025 14:00:00