Мәзір
1414 Байланыс орталығы
Қабылдау комиссиясы +7 701 190 82 94
Сенім телефоны +7 747 143 2632

Өзара әрекетесу атмосферасында

Өзара әрекетесу атмосферасында

ІІМ Қостанай академиясының дене даярлығы кафедрасы «ІІМ білім беру мекемелерінде тыңдаушылардың кәсіби дене шынықтыру дайындығын жетілдіру» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел ұйымдастырды. Онлайн режимде өткен іс-шараға Ресей ІІМ Орал заң институтының, Ресей Федерациясының құқық және басқару академиясының, ІІМ Алматы академиясының, ІІМ Ақтөбе заң институтының, ІІМ Қарағанды академиясының және Қырғыз Республикасы ІІМ Академиясының курсанттары мен қызметкерлері қатысты. Іс-шараға қатысушылар курсанттар мен тыңдаушыларды оқыту әдістемесін жетілдіру бойынша проблемалық мәселелерде келісілген шешімдер қабылдау туралы, жоғары оқу орындары арасындағы өзара іс-қимылды әр түрлі бағыттарда кеңейту мүмкіндігі туралы ортақ пікірге келді.

fbbb7b607e12b2943ec55a2199b1a6628dbe793a.jpg
2024 ж. 01 қаз., 22:05:00