Курсанттар ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің өкілдерімен кездесті
ҚР ІІМ Қостанай академиясында курсанттар ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің өкілдерімен кездесті. Іс-шараға ҚР ІІМ ЕҚК екінші басқарма бастығының орынбасары, полиция полковнигі С. Ильиных, осы басқарманың аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі М. Смағұлов, сондай-ақ комитет өкілдері – Д. Аитов, В. Тахтай, С. Күзенов, ҚР ІІМ жанындағы есірткі құқық бұзушылықтарының профилактикасы жөніндегі кеңестің мүшелері, Қостанай облысы ПД-нің кеңес мүшесі Ж. Саветов және Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары А. Хайрулла қатысты. Кездесу барысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, жастар арасында профилактикалық жұмыстар жүргізу, сондай-ақ болашақ құқық қорғау органдары қызметкерлерін кәсіби даярлау мәселелері талқыланды. Практикалық бөлімшелердің өкілдері өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, курсанттардың сұрақтарына жауап берді.


