Ұрпақтар кездесуі
Ұрпақтар кездесуі

26-noy, 2025, 14:00:00
ІІМ Қостанай академиясында курсанттардың ішкі істер органдарының ардагерлерімен кездесуі өтті. Тәжірибелі қызметкерлер өздерінің өмірлік және қызметтік тәжірибелерін болашақ полицейлермен бөлісті. Кездесудің басты тақырыбы «Коммуникация в службе и эмоциональный интеллект: психологические аспекты взаимодействия с гражданами» атты психологиялық қарым-қатынас бойынша семинар болды. Ардагерлер күнделікті қызметте эмоционалды интеллект пен халықпен тиімді қарым-қатынасты дамытудың маңыздылығын атап өтті. Мұндай іс-шаралар ұрпақтар сабақтастығының жарқын бейнесі болып табылады және жас мамандардың жоғары кәсіби, моральдық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді.
