Білім беру саласының өкілдерімен кездесу
Білім беру саласының өкілдерімен кездесу

03 Окт 2025 15:00:00
ІІМ Қостанай академиясы кітапханасының оқу залында Ұстаздар күні қарсаңында курсанттар үшін «Ұстаздан – ұлағат: Ұстаз-ұлт тәрбиешісі" атты тақырыптық кеш өткізілді. Кездесуге білім беру саласының өкілдері: ҚР Білім беру ісінің үздігі, «Қазына» сыйлығының лауреаты Б.Б.Сүйінкина және Қостанай облысының «Шабыт» сыйлығының лауреаты А.Қ. Мұқатов шақырылды. Кездесудің мақсаты - білім алушылар арасында ел болашағын қалыптастырудағы педагогтардың маңыздылығы, жас ұрпақты тәрбиелеу мен тәрбие берудегі педагогтардың негізгі рөлін атап өту. Кездесу жылы әрі достық атмосферада өтті
