БҰҰ ЕҚБ өкілдерімен кездесу
А.ж. 28 сәуір күні АҚШ Үкіметінің Терроризмге қарсы бюросының терроризмге қарсы мәселелері жөніндегі өңірлік кеңесшісі Теодор Крейг пен БҰҰ ЕҚБ Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Мадина Сариева жұмыс сапарымен Қостанай академиясына келді. Қазақстандағы БҰҰ ЕҚБ өкілдері мен басшылық, профессорлық-оқытушылық құрамы және ұлттық тренерлер арасында кездесу өтті.
Кездесу барысында қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерін оқытудың тиімділігін арттыру және оқытудың жаңа форматтарын әзірлеу мәселелеріне ерекше назар аудартылды. БҰҰ ЕҚБ өкілдері Академия дайындығының жоғары деңгейін және бірлескен оқу іс-шараларын жүзеге асыруға дайын екендігін атап өтіп, одан әрі ынтымақтастыққа қызығушылық танытты. Кездесу құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін дамытуға және қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы озық тәжірибені енгізуге бағытталған Академия мен халықаралық құрылымдар арасындағы әріптестікті нығайту жолындағы маңызды қадам болды.



