Әділет генерал-майоры Қайдаровтың отбасымен кездесу
Бүгін Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай академиясында Қазақстан Республикасы Генералдар кеңесінің төрағасы, әділет генерал-майоры Рүстем Есімханұлы Қайдаровтың отбасымен кездесу өтті.
Академия бастығы полиция генерал-майоры Ақынқали Дәрменов өз сөзінде Рүстем Қайдаровтың құқық қорғау жүйесінің дамып өркендуіне зор үлес қосқан адам екенін, ал оның жұбайы Қайдарова Аймен Джексенбайқызы оған адал өмір серігі болғанын атап өтті. Аймен Джексенбайқызы Академияның кітапхана қорына аталмыш генерал-майордың «Жизнь, посвященная служению Родине» атты соңғы кітабын табыс етті. Іс-шараның тағы бір құрметті қонағы, әділет генерал-майоры Наиль Мулдахметұлы Галимжанов жан досы, әріптесі әділет генерал-майоры Рүстем Қайдаров туралы сыр шертті.
Милиция қызметінің барлық сатыларынан өткен міндет, абырой, ерлік, әділдік, адалдық қасиеттері Рүстем Есімханұлы Қайдаровқа тән. Өскелең ұрпақ үшін жасаған қоғамдық әрі адамдық қызметі мен өнегелі тәлім-тәрбиесі, әр жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыратындығына сеніміміз мол.