Академия тәлімгер-ардагерлерінің жеке құраммен кездесуі
Қазақстан Республикасы ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында оқу ордамыздың тәлімгер-ардагерлерінің жеке құраммен кездесуі өтті. Іс-шараны Академия бастығы полиция генерал-майоры Ақынқали Дәрменов ашты. Ол ардагерлерге ІІМ-нің даңқты дәстүрлерін сақтауға және дамытуға қосқан үлесі үшін ризашылығын білдіріп, грамоталар мен алғыс хаттар табыс етті. Өткен жылдың қараша айынан бастап Министрдің тапсырмасы бойынша ішкі істер органдары жүйесінде Тәлімгерлер кеңесі институты құрылды. ІІМ ардагерлері үлкен өмірлік тәжірибеге ие бола отырып, жеке құраммен жұмыс жүргізеді, оларды антқа адалдық, қызметтік борышын адал атқару, ішкі істер органдарының даңқты дәстүрлерін сақтау және көбейту рухында тәрбиелейді. Мұндай іс-шаралар осы күні барлық жерде өтті.